Қызылордада жаңа көпір іске қосылды
Қызылорда облысында жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Соның бір дәлелі – «Қызылжарма» каналы арқылы Тасбөгет кенті мен Қызылорда қаласын байланыстыратын автомобиль көпірі қолданысқа берілді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
«Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылы 4 жолақты етіп кеңейтіліп, «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің салынуы көлік ағынын реттеп, кептелістің азаюына септігін тигізбек.
Ұзындығы 47 метрді құрайтын көпір 2 жолақты жолымен салынды. Құрылыс жұмыстары 6 ай мерзімге белгіленсе де «СЕРВИС НС» серіктестігі тәуліктің қай мезгіліне де қарамастан еселі еңбек етіп, жобаны мерзімінен бұрын аяқтады.
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі