Қоршаған ортаны күтіп ұстау әрбір азаматтың перзенттік парызы. Жер ананы қадірін жіті түсіну, оны қадірлеу жолында еңбегі ерен жандар жетерлік. Бүгін  Қызылорда қаласындағы  «Кітап — AMANAT» орталығында Эколог және дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай қазақ әдебиетінің дарынды қайраткері, эколог — жазушы, «Парасат» орденінің иегері Сайлаубай Жұбатырұлымен кездесу өтті.
Басқосуға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, жас оқырмандар қатысты.
Жазушы ұзақ жылдар бойы Арал тауқыметінің зіл-заласы жайлы қалам тербеп, нақты деректерге сүйене отырып танымдық мақалалар, әдеби шығармалар жазумен айналысуда. Мектеп жасында «Білім және еңбек» журналына жарық көрген мақаласы — оның әрі қарай тағдырын толқынды Аралдың тағдырымен байланыстыруға негіз болды.
Шара шымылдығын ашқан партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Сайлаубай Жұбатырұлының тағылымды өмір жолына, шығармашылығына тоқталып, «Абыржы» трилогиясы мен «Топансу» жинағының ерекшелігін атап өтті.
«AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында «Жақсарған экология: таза ауа, таза жер, таза су» мәселелері арнайы қамтылған. Партиямыз жерді тиімсіз пайдалануға, рұқсат етілмеген қоқыс полигондарына, өнеркәсіптердің зиянды қалдықтарды бақылаусыз шығаруға қарсы. Бүгінде облыс әкімдігінің, партияның бастамасымен табиғатты аялау, оның сақтау бағытында өңірімізде көгалдандыру, тазарту жұмыстары қарқын алды. «Таза Қазақстан», «Таза бейсенбі» экологиялық акциясының аймақ экологиясына тигізер әсері мол. Қаламызда аллеялар, тынығу саябақтары, гүлзарлар саны артып келеді. Табиғат анамызды қорғау біздің перзенттік парызымыз. Дегенмен, табиғатты қорғауға өз өмірін арнаған жандарымыз да жетерлік. Солардың ішінде Сайлаубай Жұбатырұлының еңбегі ерен»,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы
Жастармен жүздесуде эколог-жазушы өзінің шығармашылығы жайлы, жаһандық экологиялық ахуал мен Арал теңізінің бүгіні туралы ой бөлісті. Қазақ әдебиетінің алыптарымен бір кезеңде ағалы-інілі еңбек етіп, Алматы шаһарында газет-журналдарда, «Қазақфильм» киностудиясында жемісті жұмыс істеп, біреше деректі фильмдер, шығармалар жинақтарын жарыққа шығарды. Жазушының еңбектеріне қазақ әдебиетінің абызы Әбдіжәміл Нұрпейсов, қазақ журналистикасының атасы Шерхан Мұртаза оң бағасын беріп, игілікті істеріне сәттілік тілеген.
Ойы жүйрік, пайымы дара Сайлаубай Жұбатырұлы экологтар, қоршаған ортаны қорғау күнінің маңыздылығын айтып өтті. Әрбір азаматтың адамгершілігі, оның қоршаған ортаға, қоғамға деген жағымды көзқарасы келер ұрпаққа дені сау қоғам, көркем табиғатты, ауқатты мемлекетті аманат қылады. Яғни, табиғаттың тағдыры адамзаттың қолында деген пікірін жеткізді.
Басқосуда жас оқырмандарға жазушыға көкейде жүрген қызықты сауалдарын жолдап, пікір алмасты.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *