Қызылордада «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық, қалалық филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссиялары төрағалары мен комиссия мүшелері, облыстық қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы мүшелері Қызылорда қалалық көпбейінді қалалық ауруханада болып, партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген емдеу ұйымының қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылуы мен жабдықталуына мониторинг жасады.
Емдеу мекемесінің іргетасы 1977 жылы қаланған. Бүгінде халыққа тәуліктік стационарлық медициналық көмек, тәуліктік стационарды алмастыратын терапиялық және тәуліктік стационарды алмастыратын хирургиялық көмек және аптасына төрт күн жедел түрде медициналық көмек көрсетіп келеді. Сонымен бірге, ауруханада қала бойынша тәулік бойы травматологиялық бекет жұмыс атқарады. Аурухана тәуліктік 230 төсек орын және 25 төсек — орындық күндізгі стационар, 24 ақылы бөліміне арналған төсек орынмен қамтылған.
«Өткен жылы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ауруханаға жергілікті бюжет есебінен компьютерлік томография және жылжымалы С -дуга рентген аппараты алынған. Биыл хирургияға арналған жабдықтары бар бейнеэндоскопиялық кешен, видеогастроскоп және бейнеколоноскоп жарақтары бар бейнеэндоскопиялық жүйе алуға денсаулық сақтау басқармасына өтінім жасалынды. Бұл жыл соңына дейін алынады деп жоспарланып отыр. Мұнан бөлек, аурухана ғимаратындағы желдету жүйесі санитариялық талаптарға сәйкес келмегендіктен, желдету жүйесін күрделі жөндеуге жақында облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазір мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде»,- дейді бас дәрігердің орынбасары Сабыржан Оразбек.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, емдеу мекемелерінің қажетті дәрі – дәрімекпен қамтылуы, медициналық қондырғылармен жабдықталуы, ғимараттардың талапқа сәйкес болуы, мамандар тапшылығын болдырмау, олардың біліктілігін арттыру, жаңа медициналық нысандар салынуына жағдай жасау мәселелері толық қамтылған. Оның кезең — кезеңімен жүзеге асуына өздеріңіз де куә болып келесіздер. Азаматтарымыздың саулығы біздің ортақ міндетіміз. Ортақ ісіміз нәтижелі болғай»,- деді партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.
Партиялық бақылау тобы мониторинг барысында емдеу мекемесіндегі дәрілік заттар қорының жеткіліктігіне, олардың сақталуына көз жеткізді. Сонымен қатар, науқастарға берілетін ас мәзірімен де танысып, жалпы ұжым қызметкерлерінің ой пікірлерімен ұсыныстарын тыңдады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *