Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында іс бойынша 9 айыпталушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бірауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін айып тағылды. Ол сот үкімімен 20 жылға сотталды.

Шыңғыс Белғожаевқа ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін айып тағылды. Ол сот үкімімен 7 жылға сотталды.

Нұрқияс Ілиясовқа ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін айып тағылды. Оның бұрынғы соттылығы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп. сот үкімімен 9 жылға сотталды.

Дархан Әскентайға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін айып тағылды. Ол сот үкімімен 7 жылға сотталды.

Нұрбол Тоқтаубаевқа ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін айып тағылды. Ол сот үкімімен 7 жылға сотталды.

Дидар Қалиахметке ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін айып тағылды. Ол сот үкімімен 7 жылға сотталды.

Азамат Тоқтаубаевқа ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін айып тағылды. Оның бұрын жасаған ауырқылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп, сот үкімімен 15 жылға сотталды.

Кәмелетке толмаған Дидар Ысқақ ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша айып тағылды. Ол сот үкімімен 1 жыл 6 айға сотталды.

Басты күдікті деп танылған Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды. Оған, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін айып тағылды.

Фото: t.me/Jogargy_sot

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *