Қызылорда облысы, Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағын абаттандыруға былтыр аудандық бюджет есебінен 176,8 млн теңге көлемінде қаржы қаралды. Артынша мемлекеттік сатып алу процедураларының нәтижесінде «Каз Элит Строй-Сервис» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып, тиісті жұмыстар жүргізілген, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

2025 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін АБ-тен 344 млн. теңге қаржы бөлініп (барлығы 520 млн), саябақ аумағында абаттандыру және құрылыс жұмыстары жүрді. Яғни ойын алаңдарын орналастыру, жаяу жүргіншілерге арналған жолдарын салу, жасанды тоған салу, кәсіпкерлік нысандары салынды.

Мәдени кешен жалпы екі бөліктен тұрады. Отбасылық демалыс саябағы және Жеңіс саябағы. Кешенде кіре беріс бас қақпа, «Құрметті азаматтар» тақтасы, «Хан тағы», Ротонда, Пергола, Качеля, Теннис үстелі, Шахмат үстелі, Түнгі жарықшамдар, Велосипедке арналған жол жолақтары, 2 дана Фонтан, Түрлі-түсті брусчатка төсемдері, «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Ғашықтар» аллеялары, демалыс орындары, волейбол, баскетбол, кіші футбол алаңдары және балалар ойын алаңдарын, тренажер алаңдары салынды.

Бүгінде жеке кәсіпкерлер тарапынан отбасылық мейрамханалармен, түрлі тамақтану орындары, аквапарк, аттракцион, картинг, горка, батуттар және тағы басқа демалыс алаңдары салынды. Сонымен қатар, демалыс кешенінде жабық спорт кешенінің де құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Айта кетейік, Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентінде орналасқан «Жеңіс» саябағы облыс аумағындағы көлемі жағынан ең үлкен 20 гектарды құрайтын саябақтардың бірі. Бүгінде кешен ауданға келетін қонақтар мен жергілікті халыққа тұрақты қызметін бастап кетті.

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *