Күдіктілер Шерзат Болаттың әр туысына 20 млн теңгеден береді
Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот айыпталушылардан жәбірленушілердің пайдасына материалдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды EL.KZ интернет порталы.
Абзал Шынасылдан төмендегідей сомалар өндірілді:
-
20 миллион теңге — Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына
-
20 миллион теңге — Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшенбиеваға
-
20 миллион теңге — Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадыроваға
Равиль Сакиевтен:
-
15 миллион теңге — Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына
-
15 миллион теңге — Жұмабике Қадыроваға
Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұркияс Ілиясов, Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтар, Дидар Қалиахмет және Равиль Сакиев келесі сомаларды төлеуге міндеттелді:
-
10 миллион теңге — Гүлбара Бейшенбиеваға
Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұркияс Ілиясов, Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтар, Дидар Қалиахмет:
-
10 миллион теңге — Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына
-
10 миллион теңге — Жұмабике Қадыроваға
Осылайша, сот жәбірленуші тараптардың материалдық зиян туралы талаптарын ішінара қанағаттандырды.
Фото: видеодан кадр