Келер жылы экономика өсімі біршама төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

«2025 жылға арналған экономиканың өсу болжамы 6 пайызға дейін өсу жағына қайта қаралды. Бұл қайта қарау – мұнай өндіру, өңдеу өнеркәсібі мен басқа да салалардағы өсім қарқынын, инвестициялық белсенділіктің орнықтылығын және ішкі сұраныстың айқын кеңеюін көрсетеді. 2026 жылдың болжамы керісінше 4-5 пайызға дейін біршама төмендеу жағына қарай нақтыланды. Бұл шикізат және мұнай нарығындағы баға конъюнктурасының әлсіреуімен бірге жаңартылған сыртқы және ішкі жағдайлардың әсеріне байланысты, деді банк төрағасы.

Оның айтуынша, болжам бойынша 2027 жылға қарай фискалдық ынталандыруды қатаңдату және бюджеттік шоғырландыруға көшу кезінде экономика орташа тарихи деңгейге сәйкес қалыптасады.

«Айта кету керек, бұл бағалаулар Үкімет пен жалпы мемлекеттік аппарат жүзеге асырып жатқан құрылымдық реформалар табысты іске асқан жағдайда қайта қаралуы мүмкін», деді Тимур Сүлейменов.

Фото: mail.kz

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *