Әлеуметтік желілердегі жарнамалар мен мал базарлардың бағасын бұған дейінгімен салыстырсақ, өсім бар екенін байқаймыз. Қазіргі уақытта кейбір өңірде төрт түлік бағасы 20-30% көтерілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Kazinform сайтының жазуынша, құрбандыққа шалатын жоғары қой бағасы Ақтауда екен. Онда Құрбан айт мерекесіне дейін қой 70 000 теңгеге сатылса, қазір орта есеппен баға 120 000 теңгені көрсетуде. Ең арзанына да, қымбатына да 20 000 теңге қосылған. Яғни, құрбан малын 90 000-140 000 теңгеге саудалауға мүмкіндік бар.

Алматыда баға 75 000 теңгеден басталып, 150 000 теңгеге дейін жетеді. Мереке жақындаған сайын базарда тоқтылар азайған. Негізінен, бұл үрдіс барлық аймақта байқалады.

Ақтөбе мен Астанада тоқты мен қой бағасы 70 000 теңгеден басталады. Тіпті, кейбірі 120 000 теңгеге саудаланады. Ақтөбеде баға сәл өзгергенімен, Астанада жарты жылда қой құны кей жерде екі есе көтерілгені жайлы мәліметтер бар.

Сол секілді Түркістан, Тараз бен Шымкентте құрбандыққа шалуға болатын тоқты мен қой бағасы 60 000 теңгеден басталып, 120 000 теңгеге жетіп отыр.

Атырау, Өскемен, Семей мен Талдықорғанда құрбандыққа шалынатын қой бағасы 65 000 және 90 000 теңге аралығында. Сұранысқа қарай қазір бағаның шамамен 20 000 теңгеге көтерілгенін байқау қиын емес.

Қонаев, Қызылорда, Көкшетау мен Петропавлда қой бағасы – 55 000-85 000 теңге. Кей жерде мұнан да қымбаты кездеседі.

Қарағанды мен Жезқазғанда құрбандыққа шалатын қой бағасы шамамен – 45 000-80 000 теңге.
Павлодар мен Оралда қой бағасы өзгермеген. Сол баяғы 60 00 теңгеге сатылуда.

Құрбан айт мерекесі қарсаңындағы ең арзан қой бағасы Қостанай қаласында секілді. Мұнда баға 40 000 мен 60 000 теңге аралығын көрсетеді.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *