Джей Лоның Алматыдағы концертіне 29 елден турист келеді
Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қызығушылық зор. 10 тамыз күні Орталық стадионда өтетін ауқымды шоудың билеттері таусылуға жақын.
Организаторлардың хабарлауынша, концертке 25 мыңға жуық билет сатылымға шығарылған. Соның 30%-ын шетелдік жанкүйерлер сатып алған. Джей Лоның өнерін тамашалау үшін АҚШ, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, БАӘ, Түркия, Германия сынды 29 елден қонақтар келеді деп күтілуде.
/сурет ашық дереккөзден алынды
Поп-музыканың патшайымы саналатын Лопес бұл гастрольдік сапарын өзінің 40 жылдық шығармашылық мерейтойына арнап отыр. Алматы — әншінің әлемдік турнесіндегі маңызды нүктелердің бірі.
Әншінің райдері ерекше, талаптары қатаң. Оның талабына сай, сахналық және дыбыстық техника ең заманауи үлгілермен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар, Лопестің қай қонақүйде тұратыны құпия сақталуда.
Жұлдызбен бірге Алматыға 100 адамнан тұратын команда келеді. Олардың қатарында бишілер, стилистер, визажистер, дыбыс инженерлері және жеке аспаздар бар.
Ұйымдастырушылар концерттің қауіпсіздігіне ерекше мән беріп отыр. Ірі халықаралық деңгейдегі шара ретінде, Алматы қаласы бұл концерт арқылы туризм мен мәдениетті дамытудың жаңа кезеңіне аяқ басуда.