Ұлттық құрылтайдың құрылғанына үш жыл толды. Бұл жайлы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметттік желілердегі парақшасында жазды.

«Құрылтай құрамы үнемі жаңартылып отырады. Оның қатарында Парламент депутаттары, саяси партиялардың, білім, ғылым, мәдениет, бизнес, медицина, спорт, адам құқығын қорғау саласындағы ірі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері, жас көшбасшылар және белсенді азаматтар бар.

Ұлттық құрылтай осы уақыт ішінде Қазақстан қоғамын ортақ мақсатқа жұмылдыруға арналған бірегей идеялар мен стратегиялық қадамдар ұсынатын ең басты институтқа айналды.

Құрылтай мүшелері осы құрылымның бұған дейінгі төрт отырысы мен жұмыс кездесулерінде көптеген бастама көтерді. Оның басым бөлігі орындалды», — ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *