Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуына қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарияланған бұл ақпараттар жаңа емес, бұрын тараған деректердің қайта жанданған нұсқасы болуы мүмкін.

«Мемлекеттік деректер базасына ешқандай бұзушылық тіркелген жоқ. Telegram-арналарда жарияланған мәліметтердің ішінде аздаған жаңартылған деректер болғанымен, олар жаңа ақпарат емес. Бұл мәліметтер 2024 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңді қамтиды. Сондықтан бұны жаңа ауқымды деректердің таралуы деп айтуға болмайды», — деді министр.

Министр ведомство тарапынан деректердің таралуын бақылау және бұғаттау шаралары үздіксіз жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ulysmedia порталының тілшісі министрге:

«Азаматтардың жеке мәліметтері сіздің министрлігіңіз басқарып тұрған кезде тарап кеткен жоқ па?» – деген сауал қойған.
Оған Жаслан Мәдиев:
«Жоқ», – деп қысқа жауап берді.

Министрдің мәлімдемесіне қарағанда, қазіргі уақытта жаңа және кең көлемді ақпараттың таралуы расталмаған, дегенмен бұрын тарап кеткен мәліметтердің жаңартылған нұсқалары әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр. Бұл – деректердің қауіпсіздігіне қатысты қоғамдағы алаңдаушылықты сейілтуді көздейтін ресми ұстаным.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *