Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр: өрт аумағы 800 гектардан асты
Атырау облысында қамысты алқаптар өртеніп, тілсіз жаумен күрес жалғасуда. Қазіргі уақытта Атырау қаласынан 37 шақырым жерде шамамен 7 гектар аумақта өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Өрт 13 маусымнан бері жалғасуда
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 13 маусымнан бері жалпы аумағы 805 гектарды қамтыған бірнеше өрт ошағы толығымен сөндірілген. Алайда, аптап ыстық пен қатты желдің салдарынан өрт қайта тұтанып, жаңа аумақтарға таралу қаупі бар.
Құтқарушылар күші мен авиация жұмылдырылды
Өртті ауыздықтауға:
-
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері,
-
«Ақжайық» табиғи резерватының мамандары,
-
Арнайы техника мен өрт сөндіру көліктері тартылған.
Сондай-ақ, ТЖМ авиациясы өрт ошақтарына 33 рет су төккен. Бұл өрттің ауқымын шектеуге айтарлықтай септігін тигізгенімен, жағдай әлі де толық бақылауға алынған жоқ.