Қазақстанда миллиондаған жалдамалы жұмысшылардың жалақысы артуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл өзгеріс жеке табыс салығы (ЖТС) есебіндегі стандартты шегерімнің ұлғаюымен байланысты.

Бүгінде жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлердің жалақысынан 14 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде стандартты шегерім жасап, одан кейін ғана 10% ЖТС ұстайды. Алайда Сенат қарауындағы жаңа Салық кодексі жобасына сәйкес, бұл шегерімді 30 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылуда. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, бұл өзгеріс қазақстандықтардың таза табысын едәуір арттырады.

Мысалы, егер сіздің жалақыңыз 300 мың теңге болса, оның 30 мың теңгесі зейнетақы жарнасына ұсталады. Қазіргі ережеге сәйкес, бұдан кейін 55 мың теңге шегеріліп, қалған сомаға 10% ЖТС есептеледі. Ал жаңа ережеге сәйкес, 55 мыңның орнына 130 мың теңге шегеріледі. Бұл салық салынатын соманың азаюына әкеледі. Демек, салық азаяды, ал қолға алатын жалақы өседі, — деді Әмрин.

Сонымен қатар, вице-министрдің мәлімдеуінше, Қазақстандағы жалдамалы жұмысшылардың 52%-ы 150 мың теңгеге дейін жалақы алады. Егер шегерім көлемі 130 мың теңгеге дейін өссе, бұл қызметкерлер мүлде ЖТС төлеуден босатылады.

Фото: Арман Мұхатов

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *