Иран Израильдің екі қаласына әуе шабуылын жасады
Иран Израильдің орталығында орналасқан Рамат Ган және Холон қалаларына әуе соққысын жасады. Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.
Шабуыл салдарынан ондаған көпқабатты тұрғын үй қиратылғаны мәлім. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Екі қалада жалпы саны жарты миллионға жуық адам тұрады. Жергілікті тұрғындар қауіпсіздік мақсатында үйлеріне қайта кіре алмай, келесі шабуыл қаупінен алаңдаулы күйде көшеде жүр.
Аймақтағы ахуал шиеленісіп тұрған шақта халықаралық қауымдастық жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.
/сурет ашық дереккөзден алынды