Министр Саясат Нұрбек 140 балл жинаған түлекті құттықтады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) ең жоғары – 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханды арнайы құттықтады.
Жәнібек — Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы мектептің түлегі. Министр талапкердің бұл жетістігін ерекше атап өтіп, оның ата-анасына алғысын білдірді. Сонымен қатар, министр Жәнібекке алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Министрлік өкілдері мұндай жоғары нәтиже жас ұрпақтың білімге деген құлшынысын көрсететінін айтып, талапкерлерді одан әрі ынталандырудың маңызын атап өтті.