«Түркияда соңғы рет жүздесті»: Мұхтар Мағауиннің ұлы дүниеден өтті
23 маусым күні белгілі жазушы, әдебиеттанушы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Juzmedia.kz басылымының мәліметіне қарасақ, Мағжан Мағауин бүкіл өмірін Алматыда өткізген. Оның алты перзенті бар. Төрт ұл, екі қыз.
Биыл қаңтарда Мағжан Түркияда әкесімен соңғы рет кездескен сәтін еске алып, сол жайлы естеліктерін айтқан еді.
Айта кетейік, Мұхтар Мағауин биыл 9 қаңтарда, 85 жасқа қараған шағында, АҚШ-тың Мэриленд штатындағы үйінде қайтыс болған. Ол қазақ әдебиеті мен тарихын терең зерттеп, ұлт руханиятына өлшеусіз мұра қалдырған танымал тұлға. Бұған дейін Orda.kz тілшісі қазақ әдебиетіндегі жазушыларға хабарласып, марқұмның шетелге кету себебі мен естеліктерін сұрастырған еді.
Фото: Бейнеден кадр