Қызылорда облысына қарасты Арал ауданының Ақирек және Сексеуіл кентінде алғашқы өнімі алынды. Өңірлік өнім жақын арада сатылымға шықпақ, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Ақирек ауылдық округіндегі «Нұр-Дана» шаруа қожалығының төрағасы Ә.Мейірманов 6 гектар аумаққа тамшылатып суару (подпленка) әдісімен бақша (қарбыз, қауын) дақылдарын егіп, қауынның Даккар Ғ1 тұқымының алғашқы өнімін алды.

Ал Сексеуілдік жеке кәсіпкер А.Боханов заманауи тәсілдерді ұштастыра отырып, жалпы көлемі 14 гектар аумаққа түрлі көкөніс және бау-бақша дақылдарын орналастырған болатын. Оның ішінде, 4 га көкөніс, (қияр, қызанақ, асқабақ), 10 га жерге бақша дақылдарын қауын, қарбыз еккен. Алқапқа тамшылатып суару (подпленка) жүйесін қолданады. Бүгінде дихан қияр тұқымының Северин F1 сортының алғашқы өнімін алды.

Дихандардың көктемдік еңбектері ақталуда. Қауынның Даккар F1, қияр тұқымының Северин F1 сортын өсірген кәсіпкерлер бүгіннен бастап ауылішілік азық-түлік дүкендерде аталған өнімді сатылымға шығарды.

Тұрғындардың бұл кәсібі ауданды жергілікті өніммен қамтуға септігін тигізуде.

Фото: Арал ауданы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *