Бұрынғы Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды»,- делінген хабарламада.
Бұған дейін Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.
Фото: Ақорда