Қызылорда қаласындағы демалыс паркінде облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бастамасымен алғаш рет “Спорт фестиваль – 2025” атты ауқымды спорттық іс-шара өтті, деп хабарлайды  FASTNEWS.KZ.

Фестиваль аясында жас спортшылар дзюдо, таеквондо, каратэ, үстел теннисі, көркем гимнастика, футбол фристайлы сынды спорттың бірнеше түрінен өнер көрсетіп, өздерінің шеберліктерін паш етті. Шараның негізгі мақсаты  – жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Іс-шараның ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы сөз сөйлеп, спорт фестивалінің маңыздылығына тоқталып, бұл шараның алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратынын жеткізді. Сонымен қатар, халықаралық және республикалық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген бірқатар спортшыларға басқарма басшысының Алғыс хаты табысталды.

Іс-шара соңында көрермендер арасында арнайы сайыстар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Жиналған жұртшылық естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқады.

Фото: Облыстық дене шынықтыру,

спорт және туризм басқармасы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *