Дастан Сәтпаев – әлемнің үздік сұрмергені
Аталған жаңалықты Бразилияның Noite de Copa порталы жариялады. Десе де, бұл көрсеткіш 16 жасқа дейінгі футболшыларға ғана тән, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Осылайша, қазақстандық вундеркинд әлемнің үздік сұрмергені саналып отыр.
Спорттық портал дерегінше, үздікті анықтауда 2025 жылы аталған жастағы футболшылардың соққан голын есепке алынған әрі нәтижелі пас берудегі еңбегі де еленіпті. Осы кезде Дастан Сәтпаев 9 гол соғып үлгерді.
Ол – 2008 жылы Алматыда дүние есігін ашқан талантты ойыншы. Сегіз жасында «Қайрат» академиясына барып, дайындықтың барлық сатысынан мүдірмей өткен.
Айта кетейік, Сәтпаев 2024 жылдың мамырында «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас футболшы ретінде тарихқа енді. QJ лигасындағы 28 ойында 26 рет мергендігімен танылды. 10 рет нәтижелі пас берегні де бар.
Сондай-ақ, Дастан Сәтпаев футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльспен өткен ойынның 74-минутта алаңға шығып, рекорд орнатты. Яғни, 16 жас 7 айға толғанда ұлттық құрамада алғашқы ойынын өткізді. Бұған дейінгі көрсеткіш Жамбыл Көкеевке (17 жас 4 ай) тиесілі болатын.
Ерсұлтан КЕНЖЕБАЙ
Фото: kazfootball.kz