Елімізде бірнеше маңызды жаңалық күшіне енеді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Қысқаша:

Газ бағасы өзгереді
Коммерциялық тұтынушылар үшін шекті баға – 76 686 тг / 1000 м³
Жеке тұтынушылар үшін – 39 979 тг-ге дейін.

Жаңа мереке
Алғаш рет Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні аталып өтеді — шілденің алғашқы жексенбісі, яғни 6 шілде.

Кәсіби қабылдаушы отбасылар
Ата-ана ретінде 4 балаға дейін қабылдап, ай сайын 275 240 тг жалақы, әр балаға 39 320 тг төлем беріледі.

EXPO шары қайта жаңғырады
Nur Alem павильоны Digital Bridge форумына дайындалуда. Енді цифрлық индустрияға қызмет етеді.

Жаңа кассациялық соттар
Астанада 3 сала бойынша сот құрылды: азаматтық, қылмыстық және әкімшілік. Арнайы департамент те іске қосылады.

 Тұрмыстық химия таңбаланады.
Сабын, жуғыш зат, сулықтарға цифрлық код енгізіледі – қауіпсіздік пен заңдылық үшін.

3 күндік демалыс
6 шілде жексенбіге түскен соң, 7-сі демалысқа ауысады. Демек: 5–6–7 шілде – демалыс.

1 шілдеден бастап банктер ел азаматтарының шоты туралы есепті тапсыруға міндеттеледі. 1 шілдеден бастап екінші деңгейлі банктер, шетелдік банктердің филиалдары, Қазпошта мен Қазақстан Даму Банкі қазақстандықтардың банктік шотына байланысты есептерді Ұлттық банкке тапсырып отырады.

Есепте шоттың иесі, келісімшарттар, шоттың өзі және операциялар туралы ай сайынғы деректер көрсетілуі тиіс. Жаңашылдық ашықтықты арттыру және қаржылық құқық бұзушылықтармен күресу мақсатында қолға алынып отыр.

Фото: ЖИ / ulysmedia.kz

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *