Қызылордадағы сапалы жол үлесі 95 пайызға артады
Кейінгі үш жылда Қызылорда облысында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Облыс аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3545 км құрайды. Оның 1024,5 км республикалық, 555 км облыстық, 1965,5 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
Мемлекет басшысының және Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында соңғы үш жылда аймағымызға 98 млрд теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 1271 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және 18 көпір өткелдері жөндеуден өтіпті.
Нақты мәлімет төмендегідей:
2022 жылы 17,7 млрд теңгеге 368 шақырым;
2023 жылы 35,6 млрд теңгеге 603 шақырым;
2024 жылы 44,7 млрд теңгеге ұзындығы 300 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдері жөнделген.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде аймақтағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 92,5%-ға жетті.
Биылғы жылы жол инфрақұрылымын дамытуға Республикалық және облыстық бюджеттен 41,2 млрд теңге қаржы бөлініп, ұзындығы 329 шақырым автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өтіп бұл көрсеткіш 95%-ға жететін болады.
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі