Comic Con Astana фестиваліне Marvel, «Джон Уик» және «Неудержимые» фильмдерінің актері Скотт Эдкинс қатысады, депа хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Comic Con Astana ұйымдастырушылары Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалінің тағы бір голливудтық қонағының есімін жариялады. Үшінші хедлайнер – Скотт Эдкинс. Ол – жауынгерлік өнер шебері, экшн фильмдер мен Marvel жобаларындағы әсерлі рөлдерімен танымал британ актері.

 Скотт Эдкинс жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне әсерлі рөлдері мен жекпе-жек көріністеріндегі керемет хореографиясы арқылы ие болды. Оның шығармашылығында культтік франшиза – «Неоспоримый» фильміндегі Юрий Бойка рөлі, сондай-ақ «Доктор Стрэндж», «Люди Икс: Начало. Росомаха», «Джон Уик 4», «Неудержимые 2», «Ультиматум Борна» сынды блокбастерлер бар.

 Эдкинстің басқа да танымал жұмыстарының қатарына «Цель номер один», «Универсальный солдат 4», «Дневная смена», «Преступник», «Ип Ман 4», «Розовая пантера» фильмдері мен «Мутанты Икс» телехикаясы жатады.

Comic Con Astana биыл бес күнге созылады (9-13 шілде аралығы) және алғаш рет екі ірі алаңда өтеді: «Астана-Арена» стадионы мен «Барыс-Арена» көпфункционалды мұз сарайында.

2025 жылы фестиваль тек бағдарламасын және қонақтар географиясын кеңейтіп қана қоймай, өз тарихында алғаш рет бірден үш голливудтық хедлайнерді ұсынды. 2025 жылғы шараның хедлайнерлері қатарында Энди Серкис пен Эсай Моралес бар.

Арнайы қонақтардың қатарында танымал видеоблогерлер Qewbite, Мармок, Настя Джексон, «Metal Family» анимациялық веб-сериалының авторлары Алина Ковалева мен Дмитрий Вдовенко, «Чёрный Кабинет» YouTube арнасының авторы Артём Гутковский, суретші Глеб Мельников (Big Gleb), YouTube-креатор Johan және тағы басқалар бар.

Фестиваль аясында Қазақстан мен Испанияның әлемдік прокат пен жаһандық Netflix стримингтік сервисіне арналған алғашқы бірлескен халықаралық жобасы –  «Бітім» (La Tregua) фильмі таныстырылады.

Фестиваль «Astana Tourism» ЖШС Туризмді дамыту орталығының қолдауымен өтеді. Фестиваль аясында көптеген тақырыптық аймақтар мен жарқын серіктестік интеграциялар ұсынылады. Әрбір аймақ қонақтарға ерекше әсер мен ұмытылмас тәжірибе сыйламақ.

Visa — Comic Con 2025-тің ресми серіктесі ретінде креатив пен өзін-өзі еркін білдіруге қолдау көрсетеді. «Біз үшін үлкен өзгерістер шағын қадамдардан басталады — билет сатып алудан бастап косплейге қатысуға дейін. Дәл осы сәттер адамдардың шабыттануына жол ашады,» — дейді компания өкілдері.

Фестиваль аясында Freedom Bank пен Visa төлем жүйесі қонақтар үшін арнайы фотозоналар, эксклюзивті банктік карталар, брендтелген өнімдер мен түрлі тосынсыйлар әзірлейді. Сонымен қатар, халықаралық косплей байқауы аясында Freedom Bank пен Visa атынан арнайы номинация тағайындалады.

Сонымен қатар фестивальге жылдам тамақтану желісі I’M қайта оралады. Биылғы жылдың гастрономиялық жаңалығы – шырынды френч-дог алғаш рет фестиваль алаңында ұсынылады. Сондай-ақ қонақтарды есте қаларлық суреттерге арналған сәнді фотозона мен жағымды сыйлықтар ұсынатын ұтыссыз лотерея күтеді.

Perfetti Van Melle компаниясы атынан аты аңызға айналған Chupa Chups бренді қатысады. Бренд аймағында қонақтарды Chupa Chups стиліндегі әсерлі инсталляциялар күтеді. Ол – қатысушыларға сапалы әрі көркем фотолар жасауға таптырмас мүмкіндік. Бұған қоса әрбір адамды бақыт пен балалық шақтың дәмін еске түсіретін түрлі сыйлықтар мен тосынсыйлар күтеді.

Фото: Comic Con Astana 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *