Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданында 6 шілде — Астана күні және шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық Домбыра күні мерекелеріне орай «Ел жүрегі —  Астана, дала үні — Домбыра» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Аудан орталығы — Әйтеке би кентіндегі Орталық алаңда өткен мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев сөз сөйлеп ашып, жиналған жұртшылыққа аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің мерекелік құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ елдігімізді айқындап, өткенімізді дәріптей түсетін қос бірдей мерекенің маңызына тоқталып, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін, Арқа төсіндегі ару Астанамыз жарқырап, жайнай берсін,-деген шынайы тілегін жеткізді.

Мерекелік шара «Домбыра — қазағымның киесі, Астана — отанымыздың жүрегі» атты ерекше қойылыммен басталды. Шараға жиылған жұртшылық аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мен мерекеге орай ұйымдастырылған көрмені тамашалады.

Сондай-ақ кеш барысында жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде өтетін «Туған өңір, тұнған өнер» атты көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдарының аймақтық өнер фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері де аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *