Биыл бірінші сыныпқа баратын балалардың 70% қазақ тілінде білім алады
2025 жылғы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды.
Бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 273 643 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.
Бұл туралы Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.