Қазақстанның ең үздік қымызы анықталды, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Бас қалада «Бай қымыз» фастивалі өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өнім өндірушілер қатысып, ең дәмді қымызды анықтады.

Нәтижесінде:

Бас жүлдені Абай облысы, Абай ауданы, Саржал ауылынан келген «Жаныс» шаруа қожалығы жеңіп алып, 20 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

Қарағанды облысы, Қарқаралы өңірінен қатысқан «Қарыншы» шаруа қожалығы екінші орынды иеленіп, 15 миллион теңгемен марапатталды.

Ал үшінші орын Ақмола облысы, Бурабай ауданында өндірілетін «Қымызынай» өніміне бұйырып, жүлде ретінде 10 миллион теңге табысталды.

Фестиваль отандық өнім сапасын арттыру мен өндірушілер арасындағы бәсекелестікті ынталандыруды мақсат етеді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *