Абай облысының 13 мұғалімі мен 2 оқушысы әлемдік рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Алматы қаласындағы әйгілі Медеу мұз айдынында ұлттық қолөнерге арналған «Аламан құрақ – 2025» атты бірегей мәдени жоба өтті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған 660 құрақшы жалпы көлемі 1366 шаршы метрді құрайтын құрақ көрпені бірігіп тігіп, қазақ құрақ өнерінің тарихында тұңғыш рет әлемдік рекорд орнатты. Аталған жетістік Global Book of Records кітабына ресми түрде тіркелді.

Ауқымды шараға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 34 қолөнер шебері қатысты. Атап айтқанда, Абай облысынан 13 мұғалім мен 2 оқушы атсалысты. Қатысушылар қатарында Семей, Аягөз, Көкпекті және Абай аудандарындағы (Қарауыл ауылы) білім беру мекемелерінің өкілдері болды. Олар қала гимназиялары мен лицейлерінде, ауыл мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарында еңбек етеді.

Жоба ұлттық мұраны насихаттап, жас ұрпаққа құндылықтарды жеткізуді мақсат етті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *