Астанада «Жасыл болашақ» тақырыбында экологиялық викторина өтті
«AMANAT» партиясы Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалы мен Астана қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен «Жасыл болашақ» тақырыбында экологиялық викторина өткізілді. Интеллектуалды викторинаға экологиялық жас белсенділер, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары белсенді қатысты.
Шара барысында Қазақстан тарихы туралы және экология, қоршаған орта бағыттарында сұрақтар қойылды. Сайыс қортындысымен жеңімпаздар «Qazaqsha 100 bestseller» құрамындағы кітаптармен марапатталды.