Шерзаттың қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында сотталғандардың бірі — Думан Ысқақ — қамаудан босатылды. Бұл туралы марқұмның ісімен айналысқан адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.

Думан Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша кәмелетке толмаған кезінде кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Адвокаттың айтуынша, алғашқы сот үкімімен тағайындалған жаза мерзімі тергеу изоляторында өткізген уақытпен есептеліп, толық өтелген. Осыған орай 2025 жылғы 23 шілдеде Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың қаулысымен Думан Ысқаққа қатысты бұлтартпау шарасы тоқтатылып, ол бостандыққа шығарылды.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *