Биыл қазақтың тұңғыш бард әншісі, ақын, сазгер Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл. Осыған орай, еліміздің түпкір-түпкірінде мәдени, рухани кештер ұйымдастырылуда. Кеше ғана өзінің туған жері Атырау облысы, Дендер ауданында ақынды еске алуға арналған аймақтық ән байқауы өтті.
Астанадағы Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры «Сәйгүлік» музыкалық драмасын сахналады.
Жыл соңына дейін халықаралық және республикалық деңгейде түрлі игі шаралар өтетінін хабарлаймын. Оның ұйымдастырылу жұмыстыраның басы-қасында «Табылды Досымов» атындағы қоғамдық қордың басшысы Бижан Қалмағанбетовтың өзі болады. Егер сізде ұсынар ой, жаңа бастама болса, қор басшысы оған әрдайым ашық.
Ал осыдан бірнеше жыл бұрын Фейсбукте Табылды Досымовтың шығармашылығын насихаттауға арналған парақша ашылған еді. Оны әлі күнге дейін Әділбек Қайржан бауырыммен бірлесіп жүргізіп келеміз.
⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️
https://www.facebook.com/share/g/1EqJAug8YX/?mibextid=wwXIfr
Одан кейін, 2018 жылы өзімнің бауырым Инстаграм әлеуметтік желісінде @tabyldydosymov парақшасын
іске қосты. Белгілі бір себептерге байланысты оның жұмысы сәл бәсеңдеп қалды. Ресми парақшаны бүгіннен бастап өзім қадағалап, белсенді түрде жүргізіп отыратынымды хабарлаймын.
⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️
https://www.instagram.com/tabyldydosymov?igsh=YTR3bHB0NXAyYnNl&utm_source=qr
Қазір Табылды Досымовтың әндері жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Оның сыршыл, шынайы туындылары TikTok секілді әлеуметтік желілерде кең тарап, жаңа буынның жүрегіне жол тауып жатыр. Осы орайда, Табылды шығармашылығын насихаттауға арналған арнайы TikTok парақшасы да ашылды. Онда ақынның әсерлі әндері, сирек кездесетін бейнежазбалары мен оның өмірі туралы видеолар жарияланып тұрады.
⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️
https://www.tiktok.com/@tauirbek1?_t=ZM-8yQVJUnY9tG&_r=1
Тәуірбек Бозекенов, журналист
/Жазба Т. Бозекеновтың жеке парақшасынан алынды