2025-2026 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» ҚҚ Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлерге жоғары оқу орындарында оқуға 500 білім беру грантын бөлді.
Бұл гранттар жастарға білім алуға қолдау көрсету және еліміздің болашағын қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұсынылған. Бағдарлама аясында грант иегерлері оқу ақысын төлеуден босатылады және өздерінің мамандықтары бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік алады.
Бағдарлама шарты негізінде білім беру грантына мынадай санаттағы талапкерлер үміткер бола алады:
📌ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;
📌жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
📌мүгедектігі бар азаматтар;
📌мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
📌2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
📌2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жарақат алған балалар.
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.