Қазақ өнерінің жанашыры, айтыскер ақын Серік Ыдырысов дүниеден өтті
Ұстаз, суырып салма ақын, термеші, композитор, мәдениет саласының жанашыры Серік Ыдырысов қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Серік Ыдырысов — ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» бөлімінің аға оқытушысы болған.
Серік Ыдырысов жүрек талмасынан көз жұмды. Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы алғашқылардың бірі болып марқұмның отбасы мен туған-туыстарын көңіл айтты.
«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және басқармаға қарасты мекемелер айтыстың ақтаңгері, ақын Серік Ыдырысовтың дүниеден өтуіне байланысты отбасының, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы жолдас болсын», — деп көңіл айтты басқармадағылар.
Серік Махмұтұлы Ыдырысов 1958 жылы Қармақшы ауданының «Жаңақала» совхозында (кейінгі – Тәйімбет Көмекбаев атындағы елді мекен) туған.
Фото: Қызылорда облысының мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасы