Еліміздің оңтүстігінде жаздың соңында құрғақшылықтың жоғары ықтималдығы сақталады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет-ке» сілтеме жасап.

Тамызда бірнеше өңірде құрғақшылық болады деп болжанды:

  • Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Жанғала, Ақжайық, Қаратөбе және Бөкейорда аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;
  • Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
  • Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында;
  • Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында;
  • Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
  • Қызылорда облысының Арал, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында;
  • Атырау облысының Махамбет, Исатай, Дамбин, Қызылқоға аудандарында,
  • Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде.

Қостанай облысының Ұзынкөл, Меңдіғара, Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, Тайынша, Тимирязев аудандарында және Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев жәнеде Шал ақын аудандарында бірқалыпты ылғал болмақ.

«Елдің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жуық деген болжам бар»,- делінген хабарламада.

фото: freepik.com

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *