«AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» деп аталатын 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасында білім беру ұйымдарында оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасауды мақсат еткен болатын.
Осы орайда бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және облыстық, қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Қызылорда қаласындағы М.Дүйсенов атындағы №15 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің күрделі жөндеу құрылысы жұмыстарына бақылау жасады.
Білім ордасының іргетасы 1974 жылы қаланған. Мектептің жобалық қуаты 480 оқушыға арналған. Қазіргі таңда екі ауысымда 709 оқушы оқиды.
Құрылысқа жауапты «N Строй Сервис» ЖШС өкілінің айтуынша жоба құны 126 406,2 млн теңге. Күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған. Қаржының бөлінуі мен құрылыс материалдарынан еш кедергі жоқ. Жаңа оқу жылына яғни, тамыз айының 20 на дейін аяқтамақ.
Қазіргі таңда білім ошағында жөндеу жұмыстарының 65 %-ы орындалған. Ғимараттың құрылысы жұмыстары бойынша демонтаждау жұмыстары аяқталған. Жаңартылған электр жүйелері толықтай жасалып, жылу, су құбырлары сонымен қатар ғимараттың ішкі жұмыстары яғни, қабырғаларды тегістеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде.
Күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов мердігерлерге құрылысты оқу жылына дейін сапалы бітіру қажеттігі жөнінде талап қойды.
Фото: «AMANAT» партиясының
Қызылорда облыстық филиалы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *