Елімізде кәсіби мерекелер тізімі жаңартылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен тиісті бұйрық ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің электрондық порталында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа құжатқа сәйкес, кәсіби мерекелер қатары тағы бес атаулы күнмен толықты:

• 7 шілде – Қазақстан қолөнершілер күні;
• 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні;
• 15 қыркүйек – Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының күні;
• 20 қазан – Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні;
• 29 қазан – Қазақстан кәсіпкерлері күні.

Осылайша, жаңартылған тізім бойынша елімізде барлығы 74 кәсіби мереке ресми түрде белгіленген.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *