Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту туралы тапсырма берген болатын. Биыл Қазалы ауданының халқы Президент тапсырмасы негізінде 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылатын болады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Мәселен, өткен жылы ауданда Ажар, Жұбан елді мекендеріне су тұщытқыш қондырғылары орнатылса, биыл Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар биыл күзге дейін толықтай аяқталып, аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев аудан орталығынан шалғай орналасқан Сарбұлақ ауылына арнайы барып, елді мекенге жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарының барысын көрді. Сондай-ақ мердігер мекеменің жауапты өкіліне құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Бүгінгі таңда Сарбұлақ елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен «Дәнекер КС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда. Қазіргі таңда елді мекенде тереңдігі 150 метр болатын 2 су ұңғымасы қазылып, 4,9 шақырымға су құбыры тартылды және 60 дана көру құдықтары қазылды. Мұндағы ауыз сумен қамту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ауыл халқы сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсаратын болады.

Айта кетейік, Шәкен ауылын ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстарымен «Дәнекер КС» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі, Шитүбек елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарымен «Ансар-сервис» ЖШС, ал Шилі елді мекеніндегі жұмыстарымен «Намыс – Құрылыс» ЖШС мекемесі айналысуда. Үш елді мекендегі де құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айына дейін толық аяқталып, сапалы ауыз суды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *