Қызылордада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық мамандандырылған әмбебап ғылыми кітапханасына қарасты «Сәулет» бастауыш партия ұйымында «Қазақтың ұлы ақыны — Абай» атты әдеби кеш өтті.
Шараға партияның облыстық филиалының Төрағасы Алмасбек Есмаханов, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай,кітапханашылар, ҰҚК шекара қызметінің сарбаздары және оқырмандар қатысты.
Қазақ халқының дара ақыны Абай Құнанбайұлы жайлы «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы:
— Абайдың қазақ өміріндегі маңыздылығы орасан. Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы ұлы ақынның құрметіне Семей топырағын Абай облысы ретінде қайта құрды. Бұл ұлтымыздың біртуар азаматына деген ұрпағының үлкен құрметі. Бұған дейін, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың құрметіне де көне Тараз жерін облыс ретінде құрған едік.
Бүгінгі күні партия бастамасымен жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірімізде Абай күніне орай кең көлемді шаралар легі басталды. Бұл шаралардың лайықты деңгейде өтуіне барша партияластарымыз атсалысуда.
Келешекте де Абайды танып, оның ілімін зерттеп, әлі күнге дейін маңыздылығын жоғалтпаған қара сөздерін зерделеп, шығармаларын кеңінен насихаттайтын жастардың артатынына сенімім мол. Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын!,-деді.
Абай мұрасы – сарқылмайтын мол қазына: Абайсыз қазақтың философиялық та, тарихи да, этикалық ақыл-ой дүниесін көзге елестету мүмкін емес. Абай ұлттық мәдениеттердің бір-біріне өзара ықпал етуіне және бірін-бірі байытуына алғаш рет жол салды. Пушкин мен Лермонтовтың, олар арқылы Байронның, Гетенің, Шиллердің және Мицкевичтің туындыларынан жасаған аудармалары біздің ұлттық көркемсөзіміздің алтын қорына мәңгілік енді.

Танымдық кеште тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Яхияұлы Абайдай дара тұлғаның қазақ өміріндегі ерекше орны мен оның шығармаларындағы қоғамдық маңызы бар мәселелердің рөліне тоқталды. Ғалым-ұстаз Абайдың терең ойлы шығармаларын әлі де зерттеп, оқырмандарға кеңінен насихаттау келешек ұрпақтың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Рухани шара аясында кеш қонақтары кітапхана төрінде Абайдың мұрасына арналған, еңбетері көрсетілген кітап көрмесімен танысты.
Тарихтың талай қиын кезеңдерінде өз халқының адастырмас темірқазығы, алжастырмас бағдаршамы бола білген, қандай қысылтаяң, келеңсіз кезеңдерде халқымыздың қолтығынан сүйеп, иығынан демеген, табанын тайғызбаған, жігерін жасытпаған Абайдың ұлағаты халқымыздың әрқашан есінбе болатыны анық.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Руханият

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *