Оралдық желаяқ 180 шақырымдық ультрамарафонда топ жарды
Семейден Қарауыл төбеге дейінгі 180 шақырымдық қашықтықты 31 жастағы оралдық жеңіл атлет Баубек Ильясов 19 сағат, 9 минут, 45 секундта еңсеріп, мәре сызығын бірінші болып кесті.
Баубек – Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданының тумасы. Қарапайым ауыл азаматы бүгінде ұстаздық қызмет атқарып жүр.
Айта кетейік, марафон кеше Семей қаласындағы Абай атындағы халықаралық әуежайдан бастау алып, Қарауыл төбеде аяқталды