2025 жылы қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, 7 тамызда Ұлттық статистика бюросы Абай есіміне қатысты мәліметтерді жариялады.

 Ресми деректерге сәйкес, елімізде Абай есімді 18 763 адам тіркелген. Бұл есім ең жиі кездесетін өңірлер:

  • Астана қаласы – 2089 адам

  • Түркістан облысы – 2018 адам

  • Алматы қаласы – 1719 адам

Абай есімі жиі кездесетін жас тобы – 30–34 жас аралығы: 3228 адам. Ең жасы үлкен Абай 1932 жылы дүниеге келген. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл есім 157 нәрестеге қойылған.

Қызықты дерек – Абай есімі қыз балаларға да қойылған. Қазіргі таңда Абай есімді 10 әйел тіркелген.

Сонымен қатар, Абайдың шын есімі – Ибраһим. Бұл есімнің түрлі нұсқаларымен (Ибрагим, Ибрахим) 35 404 адам өмір сүреді.

Ақын есімімен аталатын елдімекендер мен әкімшілік бірліктер де бар:

  • 1 облыс

  • 1 қала

  • 3 аудан

  • 26 ауыл

Бұл мәліметтер 2025 жылғы 1 тамыздағы халық санағы нәтижелеріне негізделген.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *