«Абай — дара қазақта» атты танымдық шара өтті
Қазалыда 10 тамыз — Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай — дара қазақта» атты танымдық шара өтті.
Қазалы мәдени-демалыс кешенінде өткен шараны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп ашып, Ұлы ойшылдың 180 жылдық мерейтойы еліміздің рухани дамуы мен мәдени мұрасын ұлықтауда маңызы ерекше екендігін жеткізді.
Мәдени шара Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығы жанындағы халықтық театры өнерпаздарының дайындаған «Абай мен Тоғжан» атты қойылымымен ашылып, «Өнеге» әжелер ансамблінің орындауындағы ақынның«Желсіз түнде жарық ай» әнімен жалғасты. Сонымен қатар кеш барысында жас ақындар Сағыныш Мұхитқызы, Нұрман Бекжан, Сәбит Батыр, Ақжол Сұлтандар ақынға арнаған арнау өлеңдерін оқып, мәдени кеш Абай оқуларынан аудандық фестивальге ұласты.