Дональд Трамп пен Владимир Путиннің қашан кездесетіні белгілі болды
Дональд Трамп пен Владимир Путиннің қашан кездесетіні белгілі болды, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайт
Дональд Трамп пен Владимир Путин 15 тамызда АҚШ-тың Аляска штатындағы Анкоридж қаласына жақын орналасқан Элмендорф-Ричердсон әскери базасында кездеседі. Бұл туралы CNN телеарнасы Ақ үйдегі сенімді дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Телеарна мәліметінше, Ақ үй өкілдері Элмендорф-Ричердсон әскери базасының қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетініне көз жеткізген.
Трамп пен Путиннің кездесетін күні туралы ақпарат 6 тамызда жария болған еді.
Сол күні Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде Путинмен кездесіп, екі жақ саммиттің 15 тамызда Элмендорф-Ричердсон әскери базасында өтетінін растаған.
Путинмен кездесуден бұрын Трамп украин президенті Зеленскиймен онлайн форматта келіссөз жүргізеді.