Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы өнімдерін қолдау шараларына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, мемлекеттік саясат шеңберінде саланың тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған АӨК қолдау шаралары іске асырылып жатыр.

«Жыл сайын егіс және егін жинау жұмыстарына айналым қаражаты 5% жеңілдікті мөлшерлемемен қаржыландырылады. Алғаш рет 2025 жылғы дала жұмыстарына рекордтық 700 млрд теңге және отандық ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 250 млрд теңге бөлінді. Егісті қаржыландыру өткен жылғы қарашада басталды», — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол егістерді әртараптандыруға тоқталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша егістерді әртараптандыру жүргізілуде: бидай алқаптары 885 мың гектарға қысқартылып, майлы дақыл сияқты жоғары маржиналды дақыл егістері 1 млн гектарға және дәнді – бұршақты дақыл 278 мың гектарға ұлғайтылды. Агротехникалық іс-шараларды уақтылы қаржыландыру соңғы жылдардағы орташа жылдық көрсеткіштер деңгейінде өнім жинауға мүмкіндік береді, — деді Серік Жұманғарин.

Айтуынша, астық экспорты рекордтық деңгейге жеткен.

Осы жылғы 7 айда астық баламасында 8,9 млн тонна астық пен ұн жөнелтілді. Маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша астық эквивалентінде 13 млн тонна экспорт болжануда. Астық экспорты Орталық Азияға, Иранға, Әзірбайжанға, Ресей, Балтық жағалауы және Қара теңізге айтарлықтай өсті. Марокко, Алжир және Вьетнамға жеткізілім басталды. Өсімдік майы экспорты 7 айда 384,6 мың тоннаға жетсе, бір жылға болжам 670 мың тоннаға жуық, — дейді вице-премьер.

Фото: Ашық дереккөзден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *