Ләззат Танысбай «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан «Еуразияға» ауысты
Журналист Ләззат Тынысбай «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрайымы қызметіндегі орнын босатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ляззаттың сөзінше, оның бұл шешіміне мәдениет және ақпарат министрлігі де қолдау көрсеткен.
«Бұл шешіміме қолдау білдірген сала министріне алғыс айтамын. Мен әрі қарай да отандық телевизия саласының дамуына еңбек етемін», – деді Ләззат Танысбай.
Ол бұл қызметте 2019 жылдың сәуір айынан бастап қызмет етіп келеді. Ал оған дейін 2012 жылдың ақпан айын бастап, «Астана» телеарнасының басшысы қызметін атқарса, 2020 жылы Ләззат Танысбайдың тікелей қатысуымен жаңа «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасы құрылды.
Енді «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан кейін ол «Еуразия» бірінші арнасын басқарады.
Фото: Ұлттық арна