Ұлттық банк қазақстандықтарға онлайн-сервистер мен мобильді қосымшаларды қолданғанда жеке деректерін қорғауға шақырды. Банктің мәліметінше, қаскөйлер логин, пароль, банк картасының деректемелерін ұрлау үшін фишинг, қауіпті сілтеме, жалған сайттар мен QR-код сияқты әртүрлі әдістерге барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаскөйлердің негізгі әрекеттері

  • Дербес деректерді ұрлау үшін адамдарды ұтыс ойыны, конкурс немесе сауалнамаға қатысуға шақыру;
  • Ұрланған фото, бейне, аудио жазбаларды жалған аккаунттар ашу үшін пайдалану;
  • Қазақстан Ұлттық Банкі, құқық қорғау органдары немесе коммуналдық қызметтер қызметкері ретінде өзін таныстыру.

Азаматтарға ұсыныстар

  • Банк картасының деректемесі мен құпиясөзді ешкімге бермеу;
  • Интернетте жеке және қаржыға қатысты ақпаратты жарияламау;
  • Әлеуметтік желі мен мессенджерде құпиялылық параметрін тексеру, күрделі құпиясөздер мен қос факторлы аутентификацияны пайдалану;
  • Күдікті сілтемелерге өтпеу және банктен келген SMS-кодты үшінші тұлғаға хабарламау.

Егер дербес деректеріңіздің заңсыз пайдаланылғанын анықтасаңыз, Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне немесе құқық қорғау органдарына хабарласу керек. Консультация алу үшін Ұлттық Банк 1477 қысқа нөмірі арқылы байланысуға болады.

Фото: Ашық дерекөзден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *