Жезқазған-Астана бағытындағы пойыз жүк вагонымен соқтығыса жаздады
Кеше сағат 21:38-де Жарық-Жезқазған учаскесіндегі Қызылжар-Түйемойнақ аралығында Жезқазған-Астана бағытындағы №107 жолаушылар пойызының машинисі жылдамдығы 12 км/сағ болған кезде жолда бөгет тұрғанын байқап, пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Локомотив бригадасының кәсіби әрі жедел әрекеттерінің арқасында ірі зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды. Десе де пойыз бен жүк вагоны қатты түйіскен. Қаза тапқандар жоқ, алайда кейбір жолаушылар шұғыл тоқтаудың салдарынан жеңіл жарақат алды.Пойыз 23:14-те сапарын қайта жалғастырды», – делінген хабарламада.
Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивтің зақымдануы тіркелген жоқ. Оқиға себептері анықталып жатыр.
Фото: ҚТЖ