Ресейде коронавирустың жаңа түрі – «Стратус» індеті тез таралып жатыр,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, бір тәуліктің ішінде 400-ге жуық адамнан вирус белгілері анықталған. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі – Мәскеу тұрғындары.

Дәрігерлердің айтуынша, «Стратус» вирусы көбіне егде жастағы адамдарға, сондай-ақ өкпенің созылмалы аурулары мен қатерлі ісігі бар науқастарға аса қауіпті. Елде бұл штамм алғаш рет 24 сәуірде тіркелген.

Вирустың негізгі белгілеріне жөтел, дауыстың қарлығуы, мұрынның бітелуі, жалпы әлсіздік пен бас ауруы жатады. Медицина мамандарының сөзіне сүйенсек, «Стратус» өте тез таралғанымен, көп жағдайда ауыр асқынуларға себеп болмайды.

Қазіргі уақытта індеттің таралуына қарсы алдын алу шаралары күшейтіліп, медициналық бақылау күшейтілуде. Халыққа бетперде тағып, қоғамдық орындарда сақтық шараларын ұстану ескертілуде.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *