Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін сәтті аяқтады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Қазақстандық клуб өз алаңында Шотландияның «Селтик» командасымен кездескен болатын.

Клубтар арасындағы алғашқы ойын Глазгода өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Алматыдағы жауапты кездесуде де командалар гол соға алмады.

Ойыннан кейінгі пенальти сериясында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков қарсыластың үш бірдей соққысын қайтарды. Нәтижесінде алматылықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, жеребе тарту рәсімі 28 тамызда өтеді.

Фото: «Қайрат» клубының баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *