«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты әзірлеген Әйелдерді қолдау стандарты – қоғамдағы әйелдердің құқықтарын қорғап, олардың әлеуетін ашуға бағытталған маңызды бастама. Стандарт жұмыс орындарында гендерлік теңдікті нығайтып, әйелдер үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді. Сонымен бірге, әйелдердің басқару ісіне, қаржылық және әлеуметтік ресурстарға, жаңа мүмкіндіктерге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Осыған орай партияның қалалық филиалы жанынан құрылған мониторинг тобы мүшелері: партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева, фракция жетекшісінің орынбасары Раушан Ысқақова, фракция мүшесі Мейрамбек Есжанов, қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің өкілі Раушан Туганбаева және отбасын қолдау орталығының директоры Гүлнар Сексенбаева қаладағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарымен танысты. Оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін өркендетіп отырған кәсіпкер де бар.
Алдымен топ «ГудФуд» жартылай фабрикатталған өнім шығаратын цехтың жұмысын көрді. Кәсіпкер Жансия Серікқызы Альсеитова бүгінде 5 әйелді тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан өндіріс тәулігіне 200-300 дана өнім шығарады.
Бұдан кейін мониторинг тобы «Саңыраулар оқу–өндірістік кәсіпорны» ЖШС-де болды. 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тігін цехы ерлер, әйелдер мен балаларға арналған жейделер, жұмысшыларға арнайы және нысанды киімдер тігумен айналысады. Мұнда 22 әйел тұрақты еңбек етеді.
Зерделеу барысында топ «Ауыл аманаты» жобасы аясында төмен пайызды несие алып, шұлық тоқу кәсібін бастаған жеке кәсіпкер Сәрсенкүл Аралбаеваның цехына да барды. Ол 5 млн теңге көлемінде несиеге қажетті құрал-жабдық сатып алып, жылына 100 мың данаға дейін өнім шығаруға қауқарлы кәсіпті дөңгелетіп отыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *