Қазақстанда бензин қымбаттай ма?
Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы 8 қыркүйекте қазақстандықтардың бензин бағасының өсуіне қатысты алаңдаушылығына пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер министрден «Доллардың күшеюі мен көрші Ресейдегі тапшылық аясында отын қымбаттауы мүмкін бе?» деп сұрады.
Мұнда доллармен ешқандай байланыс жоқ деуге болады. Ішкі сұраныс пен ұсыныс бар. Ресейдегі жағдайға байланысты адамдардың алаңдауы орынды: ақыр соңында, бізде 7 мың шақырымнан астам шекара бар. Сол себепті азаматтарымыздың белгілі бір уайымы түсінікті, – деді Ерлан Ақкенженов.
Оның айтуынша, бүгінде АИ-95 маркалы бензин бойынша жағдай тұрақты.
Өткен аптада бізде 21 күнге жететін қор болса, биылғы аптада ол 26 күнге жетті. Қор артып жатыр, зауыттар тұрақты жұмыс істеп тұр. АИ-92 бойынша да жағдай осындай. Ресейдегідей ахуал бізде қайталанады деп ойламаймын, – деді министр.
Сондай-ақ ол салалық ведомство елден бензин әкетуге салынған тыйымды тұрақты түрде ұзартатынын еске салды.
Фото: Бауыржан Жуасбаев