«AMANAT» партиясы Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Т.Тілес қалалық №5 емхана бастауыш партия ұйымы өкілдерімен кездесті.


Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы және «AMANAT» партиясының атқарып жатқан жұмыстары мен бастамалары туралы кеңінен ақпарат берілді.

«Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің сыртқы және ішкі даму бағдары туралы жан-жақты айтып, нақты ел дамуының бағдарын айқындады. Негізгі месседждердің бірі – жасанды интеллектпен цифрландыру арқылы өзекті мәселелерді түбегейлі шешу. Елімізге инвестицияны көптеп тартып, инвесторларға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мұнымен қоса, парламентке реформа жүргізу мәселесін Мемлекет басшысы ортаға салды» — деді Т.Тілес.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *